23
ноябрь
2020
«Шығармашылық ізденіс - кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақ өтті
«Шығармашылық ізденіс - кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақтар апталығы аясында 23 қараша күні , 11 «А» сынып оқушыларының арасында «Географиялық алаң» атты ойын өткізілді. ( Тарих және география пәнінің мұғалімі: С.К. Аязбаева) Ойының мақсаты оқушылардың дүниетанымын кеңейту, жаңаны білуге қызықтыру, географиядан алған білімдерін ортаға салу. Ойынға «Тапқырлар» және «Жалын» тобы қатысты. Ойын қызықты де, тартысты өтті. Ойын соңында екі топтың ұпайы тең болып, оқушылар бір- біріне жақсы тілек айтып ойынды аяқтады.