16 қараша күні мектептің қамқоршылық кеңесі отырысы өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 16 қараша күні мектептің қамқоршылық кеңесі отырысы өтті.
17
ноябрь
2023

16 қараша күні мектептің қамқоршылық кеңесі отырысы өтті.

Білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңесін құру туралы 27.10.2023 жылғы бұйрыққа сәйкес, жаңа құрамдағы кеңес өз жұмысын бастап кетті. 
Отырыста мектеп директоры Н.М.Садыкова тарапынан кеңес мүшелеріне қамқоршылық кеңесі ұйымның үлгілік қағидалары, мақсаты, міндеттері және жұмыс тәртібі таныстырылып,  жұмыс жоспары бекітілді. 
2022-2023 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысы есебі тыңдалып, биылғы оқу жылындағы мектептің тыныс-тіршілігі таныстырылды.     
2024 жылға кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің бірыңғай дауыс беруімен үкіметтік емес ұйым өкілі, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Н.Ш.Траиспаев сайланды. 
Жаңа құрамдағы кеңес мүшелерінің жұмысына сәттілік тілейміз. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы* #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы