«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ » Страница 2
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы

Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
"Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.
02
май
2024
"Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.
2 мамыр күні мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубы Әжелер мектебінің мүшесі Аринова Гульжанат әжемізбен  5 "Ә" сыныбы  қазақ әдебиеті сабағында Нұрдәулет Ақыштың "Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.Әжемізге оқушылар өздерін толғандырған қызықты  сұрақтарын қойды, қазақ ақындарының әже туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Әжеміз әжелер киетін кимешек, ұршық туралы, ертегілер туралы толық айтып берді.Әжеміз  қызықты сұрақ қойған
"Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық әдістемелік-практикалық конференция өтті.
02
май
2024
"Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық
30 сәуір күні Астана қаласында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық әдістемелік-практикалық конференция өтті.Осы конференцияға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калмакбаева Гульназ Ернатовна онлайн форматында зум платформасында баяндамасын қорғап, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат табысталды.
«SEMEI» телеарнасы бізбен бірге!
02
май
2024
«SEMEI» телеарнасы бізбен бірге!
30-сәуір күні Абай облысы Семей қаласының «SEMEI» телеарнасы директорының орынбасары Зикибаев Бектурсын Далелханович, телеарна редакторы Талшын Шәкіртхан және оператор Айтқалиев  Айдос Ерланович      арнайы ат басын бұрып мектебімізге келіп қайтты.  Кездесу ең алдымен оқушыларымен сұхбатпен басталып, соңында мектебіміздің «Маяк NEWS» парламент мүшелерінің телестудиясы клубы жұмысымен танысып, бірқатар ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Заманауи телестудия кабинетінің жаңа мүмкіндіктерін  ашып,
«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы
02
май
2024
«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы
2 мамыр 2024 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ұйымдастыруымен «Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсына мектебіміздің 11-сынып оқушысы Зекен Марал қатысып, жүлделі І-орынға (жетекшісі тарих пәні мұғалімі У.Ж.Омарова) ие болды. Құттықтаймыз!
«Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.
30
апрель
2024
«Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.
1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні оқушылрды ынтымақтастыққа, достыққа, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында  6-сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті. Сайыс нәтижесінде белсенділік танытқан сыныптар марапатталып, бір шаңырақ астындағы достық пен ынтымақтастықты нағыз көрінісін тапты дегіміз келеді.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, сынып сағаттары мен спорттық эстафета ұйымдастырылды.
30
апрель
2024
1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, сынып сағаттары мен спорттық эстафета
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында мектепте көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі екендігін ұрпаққа ұлағаттау мақсатында «1 мамыр-Халықтар бірлігі күні», «Бейбітшілік-ел тілегі» тақырыбындағы сынып сағаттары өтіп, «Мен, сен, ол, бәріміз-тұтас елдің сәніміз» спорттық эстафета ұйымдастырылды.  Мамыр меркесі елдің бірлігін одан сайын нақтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп тілейміз.
«Мектебіме мың алғыс!» қашықтық видеороликтер байқауының аудандық кезеңі
26
апрель
2024
«Мектебіме мың алғыс!» қашықтық видеороликтер байқауының аудандық
Бітіруші түлектерді ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлауға, еңбегін әрқашанда бағалай білуге, адамгершілік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткен облыстық «Мектебіме мың алғыс!» қашықтық видеороликтер байқауының аудандық кезеңінде «Үздік клип» бағамы бойынша мектебіміздің түсіру тобы жүлделі І орынды (жетекшісі Г.Р.Ленсова) иеленді. Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!
«Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауының аудандық кезеңі
25
апрель
2024
«Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері
Балалар шығармашылық бірлестіктерінің дамыту, қолдау мақсатында өткен «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауының аудандық кезеңінде «Драмалық спектакль» бағамы бойынша «Аққулар ұйықтағанда» көрінісімен мектебіміздің командасы (жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Қ.Қ.Наушабаева, А.А.Кенжебекова) жүлделі ІІІ орынды иеленіп, «Үздік қыз бала рөлі» номинациясымен 8 сынып оқушысы А.Қаирбек марапатталды.  Жеңімпаз команданы жеңістерімен құттықтаймыз!
"Каникулда кітап оқимыз" атты республикалық марафон
24
апрель
2024
"Каникулда кітап оқимыз" атты республикалық марафон
"Каникулда кітап оқимыз" атты республикалық марафон байқауға 8 А сынып оқушылары берілген "Алпамыс батыр" жырын толық оқып шығып тест тапсырмаларын орындап жүлделі орындарға ие болды. Жамбыл Бекарыс ІІІ орын, Ерғалиқызы Айзере ІІІ орынға ие болды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы

Жаңалықтар топтамасы - Лента новостей