Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатары толықты... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатары толықты...
22
октябрь
2022

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатары толықты...

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 21 қазан күні  салтанатты іс-шара болып өтті. 
Ұлттық Республика күні мерекесі қарсаңына өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, жаңа көзқарастарға, ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатары 63 қыран және 24 ұланмен толықты. Мектебіміздің қамқоршылық кеңесі төрайымы Ж.Т.Садыкова, ардагер ұстаздар Т.В.Коровина, Т.Н.Пяткова, М.Б.Танекенова, З.Д.Дюсупжанова және офицер-тәрбиеші, майор Ж.Ж Кабаков арнайы шақырылған мерекені мектеп директоры Н.М.Садыкова өз құттықтауымен бастап, болашақтың жарық жұлдыздары- мереке куәгерлеріне сәттілік тіледі. Оқу озаттары мен мектеп белсенділері «Жас Ұлан» қатарына қабылданған  әр оқушыға жаңа міндеттер мен мақсаттарын түсіндіріп, өз Отанының нағыз патриоттары болуға шақырды. Асқақтата шырқалған әнұран әуенінің бастауымен аспан түстес көк галстуктері мойындарына тағылған әрбір ұйым мүшесінің бүгінгі күнгі естеліктерін мәңгі естеріне сақтайды деп сенеміз.Өйткені бұл күн – әр оқушыға елдік пен ерліктің, бірлік пен ынтымақтастықтың, шыншылдық пен адамгершілік қасиеттердің  жауапкершілікпен ант беріп, қабылданған серттерінің куәсі болып табылмақ. 
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданған оқушыларымызды құттықтаймыз!