«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті
29
ноябрь
2021

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті

29 қараша 2021 жылы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент күніне орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. 

Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткен шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Мектептің ардагер ұстазадары З.С. Дюсубжанова, М.Б. Танекеновалар және оқу үздіктері мен белсенділері   «қырандар» мен  «ұландарға»   галстук байлау рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ұйым мүшелеріне жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Н.М.Садыкова мереке қатысушыларының алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуларына Ақ жол тіледі.

Шара соңы әсем әнмен өз жалғасын тапты.