Ұстазға құрмет » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2022

Ұстазға құрмет

30.09.2022 жыл күні мектебіміздің  «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері және  10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ұстаздар күні жоғары дәрежеде аталып өтті. Осы күнді мерекелік нышанда өткізуді жоспарлаған оқушылар жұмыс күнін  көтеріңкі көңіл күйде және әдемі музыка ырғағымен, өз қолдарымен  жасалған гүл шоқтарын сыйға тартып,  ұстаздарын қарсы алды. Жүздері бал-бұл жанған, кішкентай бүлдіршіндерден бастап, ақылы толықсыған ұл –қыздардың  мерекелік құттықтаулы ұстаздардың көңілдерінен шықты. 
Сондай-ақ, тәрбиенің жан – жақты дамуына, оқушы белсенділігін, міндетін, жауапкершілігін  арттыру мақсатында мектебімізде өзін- өзі басқару күні өтті. Таңғы тізілісте мектеп директоры Н.М.Садыкова өзін-өзі басқару күнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп,  құлшыныс білдірген оқушыларға сәттілік тіледі. 
          Мереке күнінің реңін кіргізген, тың ойларын ортаға салған және ойдағыдай бір күнді өткізе білген оқушыларымызға айтар алғысымыз шексіз