“Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант
04
май
2023

“Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант

Қазақстан Республикасы Президенті Басшылығы тапсырмасымен мамыр мерелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен “Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант шаралары ұйымдастырылды. Бұл игі шараның басты мақсаты:еліміздің тәуелсіздігі  мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу. Мектебіміздің диктант жазушыларының жасына, тіл мен дін ерекшеліктеріне ешбір шектеу қойылмай, еркін түрде, азаматтық тұрғыда жоғары патриоттық сезімдерін ұлықтай отырып, ұлттық құндылықтарды жинақтаған ұрпақ үшін бұл іс-шара үлгі, өнеге, туған елге деген риясыз махабаттың сүйіспеншілігі екені анық. "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктантқа мектебімізден 216 оқушы және 63 мұғалім қатысып,   бірлескен жұмыстың нәтижесін көрсетті.