Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясы
29
сентябрь
2023

Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясы

«Ұстазды алтын діңгекке балар едім» — деп, ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаздық – тарихтағы ең ұлы істің бірі. Шындығында, мұғалім ісі қарапайым болғанымен, ұлағатты ұстаз мәртебесі кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Мұғалімдер күніне орай "Ұстазыма мың алғыс" акция аясында білім беру жүйесінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ұлағатты ұстаздар жайында ой толғайтын болсақ, білім берудің барлық сатыларынан өткен, тәжірибелі мұғалім, үздік оқытушы, білікті маман, ұстаздардың ұстазы болған педагогикалық еңбек ардагері – Зайра Сатиевна Дюсупжанова жайында сөз етеміз. Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде»,-деуінің өзі бекер емес. Өз шәкірттеріне риясыз сүйіспеншілікпен қараған Зайра Сатиевна мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз. Алған мақтау, марапат, алғыс ¬ хаттарын тізетін болсақ, өз алдына бір төбе. Бірақ, адамды одан да биік етіп тұратын – адами қасиеттері, игілікті істері болмақ. Зайра Сатиевна жүзінен шуақ, сөздерінен жылылық төгіліп тұрған мамандық иесі, өнегелі өмірі мен еселі еңбегінің арқасында айналасына да, ұжымға да, қоғамға да қадірлі, сыйлы, үлгілі адам. Зайра Сатиевна – ақылдың тозбaйтұғын асылы,  таудың биік шыңы, білімнің таусылмайтын мөлдір бұлағы. Оны біз жақсы көреміз! Қастерлейміз, құрмет тұтамыз және мақтан етеміз! ҚҰРМЕТТІ ЗАЙРА САТИЕВНА, СІЗДІ КӘСІБИ ТӨЛ МЕРЕКЕҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!