"Жас ұстаз: табысқа апарар жол" ІІ аймақтық форумы өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жас ұстаз: табысқа апарар жол" ІІ аймақтық форумы өтті.
17
ноябрь
2023

"Жас ұстаз: табысқа апарар жол" ІІ аймақтық форумы өтті.

2023 жылдың 17 қарашасы күні  «Білімді ұлт» сапалы білім беру»  ұлттық жобасын іске асыру аясында  жас мұғалімдерге педагогикалық кәсіптің табыстылығына бағдар беру, кәсіби даму мен әл-ауқатын арттыру мақсатында Абай облысы Семей қаласында "Жас ұстаз: табысқа апарар жол" ІІ аймақтық форумы өтті. Форумға аймағымыздың 125 жас ұстаздары қатысты. Форум қонақтары Абай облысының білім басқармасының өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық Әдістемелік  кабинетінің әдіскерлері  болды. Біздің мектебіміздің жас ұстаздары  Берікболов Орынбек Дәулетұлы мен Абдулдинова Аида Айдарханқызы форумға Team Leader ретінде қатысып, форумды ұйымдастыруға өз үлестерін қосты. Жас педагогтеріміз өздеріне берілген командаларымен "отбасы" және "адам" сияқты маңызды құндылықтарға негізделген жобаларды әзірледі. Орынбек Дәулетұлы мен Аида Айдарханқызы аймақтық форумға Team Leader ретінде белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.