Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді
04
декабрь
2023

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді

Мектепішілік жұмыс жоспарына сай 27.11- 01.12 желтоқсан аралығында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді. Апталықта бастауыш сынып ұстаздары өздерінің сабақтарында оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін тиімді пайдаланып, ашық сабақтар өткізіп,  өз іс – тәжірибелерімен бөлісті.  
Апталықта 7 ашық сабақ өтті. Жубайбекова К.А. 1 «Ә» сыныбында әліппе пәнінен «П п дыбысы мен әрпі», Садыкова М.М 4 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Қандай кәсіби мерекелер бар?», Шаханова А.С. 2 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Сұраулы сөйлем», Мусулманкулова Б.К. 1 «А» сыныбымен математика пәнінен «Ондықтарды қосу және азайту», Нурмухаметова Ж.Д. 4 «Ә» сыныбымен жаратылыстану пәнінен «Желдің пайдасы мен зияны, Имашева А.М. 2 «А» сыныбымен математика пәнінен «Рим цифрлары»,
Асқап Р.Е. 3 «А» сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен «Алтын мүйізді киік» тақырыптарында сабақтарын өткізді. Мұғалімдер өз сабақтарында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолданылды, видеороликтер көрсетіліп, аудио тыңдалды, зерттеу жасалды. Жұптық, топтық, деңгейлік тапсырмалар орындалды. Тақырып бойынша сахналық көрініс қойылды. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар үнемі мұғалімдердің назарында болды, арнайы тапсырмалар арқылы жұмыс жүргізілді. 1-2 сыныпта сергіту сәттері нейрожаттығулар арқылы ұйымдастырылды. Тілдік сабақтарда тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылымға ерекше мән берді және оқудың түсініп оқу, шолып оқу түрлері тиімді қолданылды. Сабақтарда математикалық сауаттылығын, қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінде тілдік сауттылық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру тапсырмалары орындалды. Ұстаздарға мектебімізге жаңадан келген техникалық жабдықтар мен көрнекілік құрал жабдықтар өте көп пайдасын тигізуде.
3 «А» сыныбында Lesson study тәсілін оқушылардың білімін жетілдіруге бағытталып жоспарланған 1-2 кезеңі сәтті өткізілді.
Өткізілген сабақтар жоспарға сай алынып, әдістемелік дұрыс құрылған, барлық ұстаздарда формативті бағалау, кері байланыс тиімді жүргізілді. Таңдалған әдіс – тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалған. Әр мұғалім сабағына көзделген оқу мақсатына жетті. Жеке ұстаздарға ұсыныстар берілді. Апталық жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма