Ата-ана мен бала арасындағы "Жұлдызды отбасы» ән байқауы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-ана мен бала арасындағы "Жұлдызды отбасы» ән байқауы өтті
23
декабрь
2023

Ата-ана мен бала арасындағы "Жұлдызды отбасы» ән байқауы өтті

22.12.2023 жыл күні мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Б.М. Аскакова мен музыкалық жетекшісі Д. М.Нурпеисованың ұйымдастыруымен отбасылық татулық пен бірлікті насихаттайтын ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 6-7 сыныптар арасында "Жұлдызды отбасы» ән байқауы өтті. Байқауға қатысуға 7 отбасы ниет білдіріп, екі кезеңнің ән бағамында сынаққа түсті. Отбасылық, сыныптық сынға түскен жұптар өз кезегінде ретроәндерді орындап қоймай, заманауи әнді де нақышына келтіре шырқатты. Сайыс соңында әділқазылар тарапынан ерекше көзге түскен жұптар марапатталып, жүлделі орындар бөліске салынды. 
Сайысқа қатысып, өнер көрсеткен отбасыларымызды біріккен істегі жеңістерімен құттықтаймыз!
 #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма