Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті....
13
январь
2024

Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті....

12.01.2024 жыл күні мектебімізде  жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың алғысөзін алған мектеп директоры Н.М.Садыкова  күн тәртібінде көтерілетін мәселелерге таныстырылым жасап,  2023-2024 оқу жылындағы мектеп төлқұжаты мен мектептің әлеуметтік паспортына тоқталды.Сонымен қатар, жаңа құрылымдағы қамқоршылық кеңесі мүшелері  таныстырылып, мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.
«Ауылдағы тірек мектептерді дамыту» жобасы: болашақ қорытындылар  мен алдағы жоспарлар жайлы тың ақпаратты видеотүсірілімді ұсына отырып, биылғы оқу жылындағы жаңа бастаманың  жұмыстар легімен  көрсетілімді-таныстырылым жасап өткен мектеп директоры  ата-аналардың белсенділігі мен іскерлігінің айғағын дәлелдеуге бағытталатын   бірлескен жұмысқа шақырды.
        Жарма аудандық орталық ауруханасынан арнайы келген  дәрігер маман  М. Б. Мусатова балалардағы қызылша ауруы және екпе жайлы ауқымды ақпарат беріп, екпенің маңыздылығына тоқталып өтсе, полиция аға лейтенанты М.К. Мамилов кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқыбұзушылықтың алдын-алуға байланысты ата-ана жауапкершілігіне, жасөспірімдік шақтағы бала бойындағы кездесетін теріс қылықтардың алдын-алуға байланысты  шаралар туралы  ата-аналарға ескертпелер жасап,  құқықбұзушылыққа қарсы міндеттері түсіндірілді.
2023-2024 оқу жылында қолға алынған  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының құрылуы туралы, мүшелері мен жұмыс жоспары жайында баяндама жасаған орталық жетекшісі Г.Е. Калмакбаева, алдағы уақыттағы орталық жұмысына сәттіліктер тіледі. 
Қазіргі қоғамның  өткір шындығына айналған жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие жайлы сөз қозғаған  мектеп психологі И.Т.Тагиева, ата-аналарға жан-жақты, нақты мағлұматтар ұсынып, жастардың шалыс баспауына кепілдік беретін отбасы тәрбиесі, ана мен қыз бала арасындағы сырластық,  әке мен ұл бала арасындағы қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына ықпал ететін  тәрбиенің өткір жақтары айтылды. 
Бала болмысының дұрыс қалыптасуына отбасы тәрбиесінің  берері мол десек, ертеңгі еліміздің іргесінің берік болуына үлес қосатын жастарымыздың  тәрбиесі басты назарда екенін естен шығармағанымыз жөн де білеміз.