1 наурыз Алғыс айту күніне және 8 наурыз Халықаралық Аналар мерекесі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 наурыз Алғыс айту күніне және 8 наурыз Халықаралық Аналар мерекесі
01
март
2024

1 наурыз Алғыс айту күніне және 8 наурыз Халықаралық Аналар мерекесі

1 наурыз Алғыс айту күніне және 8 наурыз Халықаралық Аналар мерекесі қарсаңында мектебімізде балалар мен аналар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға, анаға деген құрмет пен сүйспеншілік сезімін ояту, отбасылық дәстүрлерді құруға ықпал ету барысында «Анам жанымда» атты бақытты аналар фестивалі өтті. Арнайы бағдарламаны негізінде фестиваль салтанатты бөлім, ашық қарым-қатынасқа арналған «Ашық алаң» студиясы,  «Шеберлік сыныптар» студиясы, «Ханшайымдар елі» алаңы жұмыстарымен өрнектелді. Іс-шараның салтанатты ашылуында мереке қарсаңына арналған оқушылардың өнері көрсетіліп, Т.М Самарханова, Е.Тұрымтай, К.К Мүсреповалар өз  отбасындағы ананың  тәжірибелерімен бөлісіп, түйінді ойларын көпшілік  назарына ұсынды. Ашық қарым-қатынасқа арналған «Ашық алаң» студиясы өз алдында мектеп психологтері тарапынан «Эмоциясыз қалай өмір сүруге және стресс деңгейін төмендетуге болады» тренингпен, «Қыздың мақтанышы мен әйелдік қадір-қасиет туралы» Г.Т.Сулейменова мен А.А.Мамырбекованың  ашық әңгіме алаңы, «Қызым саған айтамын..» ата-аналарды қолдау педагогикалық орталығы жетекшісі Г.Е.Калмакпаева, қыздар клубының жетекшісі Р.Мамырбектің дөңгелек үстелімен жалғасын тапты. Үшінші кезеңде ата-аналар қолдауымен  ұйымдастырылған шеберлік сыныптары өз жұмыстарымен таныстырып, қолмен ұстап, бұйымдар жасауға жұмылдырылды. Іс-шара соңы «Ханшайымдар елі» ұйымдастырушыларының жұмыстарымен ерекшеленді.  Шаш өру, кәсіби макияж, аквагрим, қазақтың ұлттық киімдері фотозонасында жұмыс жасаған ұстаздарымыз аналар тарапынан алғыстарына ие болды. Шара соңы мектеп директоры Н.М.Садыкованың тарапынан келушілерге алғыс айтуымен және белсене қатысқан аналарымызға Алғыс хаттар табыстаумен аяқталды. Отбасының ұйтқысы болатын Аналар қауымына Алғысымыз шексіз!#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы