Қамқорлық жасаудан жалықпайық.... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2024

Қамқорлық жасаудан жалықпайық....

Көптен күткен көктем мерекесі де келіп жетті. Наурыз- жақсылық пен жарық мерекесі, қысқы тыныштық кезеңінен көктемгі жаңаруға, жаңа таңның жаңа  өмірге көшуі. Сейсенбі, 19- наурыз күні осы жарқын мерекемен құттықтау үшін "Шын жүректен" еріктілер клубының мүшелері "Семей қаласының паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім ауруханасы" мекемесіне «Қамқорлық» жобасы аясында барып қайтты.  Кездесу барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. С. Ахметкаримова сапардың мақсаты туралы айтып,  еріктілер мен ұстаздар  аурухана науқастарына концерттік бағдарламамен және тәтті дастарханмен қуантуға келгенін атап өтті. Мектебіміздің педагог-психологтері  түрлі жаттығулар жасатып, көңілді кездесуді жандандыра түсті. Науқастар үшін 10- сынып оқушылары шағын концерттік бағдарлама дайындап апарды. Өлең оқылып, әндер орындалған, домбырада күмбірі сыңғырлаған бұл күні балалар аурухана қонақтарына олардың жалғыз еместігін және ұмытылмағандықтарын көрсеткісі келді және олары сәтті жүзеге асты. Қамқорлық жасауға қол ұшын берген мектебіміздің ұжымына, ата-аналарға және оқушыларымызға айтар алғысымыз шексіз! Қамқорлығымыз азаймасын, қамқоршыларымыз көмек қолын ұсынудан жалықпасын дегіміз келеді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы