«Сыбдыры сұлу, Алтын күз» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2019

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз»

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз»


Көне шаһар төріне басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар.

Сол күзгі тірліктің мектеп үшін де маңызы өте зор. Себебі, балалар асығып тосатын «Алтын күз» мерекесі өзінің қызықтарына толы сиын тарту етеді.

Күзгі мерекені мектеп қабырғасында тойлатуға  кіріскен сыныптар  өздерінің жан-жақтылығымен  көзге түсіп, бұл жолы жаңа қырларымен көріне білді. 2-5 сыныптар  «Күз кереметтері» қолөнер бұйымдарын көрмеге қойса, 6-7 сыныптар «Туған жердің табиғаты» атты  видеороликтер мен фотосуреттер, суреттер сайысына қатысты. 8-10 сыныптардың қатысуымен болған «Сыбдыры сұлу, Алтын күз»  балдық кеші ерекше әсерге бөледі. Әр сыныптың таныстырулары, нақышына келтіре орындаған  әуезді әндері, мың бұралған билері, сондай-ақ, күзгі киімдер үлгісі сынға түсіп, бағаланды.

Көзге түскен күзгі доданың нәтижесінде  5 «А» ( сынып жетекшісі Әділғазы А,  6 «Б» (сынып жетекшісі  Омарова А.Т)  9 «Ә» (сынып жетекшісі Серікқазы Д.Н) үздіктер қатарынан көрініп, «Бас жүлде» марапатын жеңіп алды. 

Келер күздің кереметтері  бізді таңқалдырары сөзсіз, біздер келер күзді асыға тосатын боламыз.