«Шығармашылық ізденіс – кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақтар апталығы аясында өтті
26 қараша күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ – нің 11 «Ә» сынып оқушылары арасында «Географиялық ассорти» атты ойын сайысы өтті. Бұл ойын «Шығармашылық ізденіс – кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақтар апталығы аясында өтті. Ойынның негізгі мақсаты: оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, одан әрі білімдерін жетілдіру; «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып, «Жас географтар» атағын алатын оқушыларды анықтау.
Ойын барысында оқушылар өткен сыныптардан алған білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді, қызықты географиялық жұмбақтардың шешуін таба білді және соңында «Капитандар сайысы» атты кезеңде әр топ басшылары бақ сынасты. Әділ қазы алқасының шешімімен екі топтың ұпайы тең болып шықты. Ойын соңында қатысқан қонақтар оқушыларға жылы лебіздерін жолдады.
Сабақты өткізген: Рыбакова Гульназ Амангельдыевна – география пәнінің мұғалімі