06
май
2021
Мың тағзым саған майдангер!
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Г.Е.Қалмақбаева Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арнап 7 «Б» сынып оқушыларымен «Ардагерлерге мың тағзым» атты жеңіс пен бейбіт күн сыйлаған ата-апаларына арнап жүрекжарды алғыстарын ақ парақ бетіне түсірді. Толқыған сезімдерін сөзбен жеткізуді жөн көрген жеткіншектер хатты оқығанда, оқ пен оттың ортасында жүріп, болашақтың мәнді де сәнді болуына қалтықсыз еңбек еткен Аталары мен Апаларының зор еңбектерінің бір парақ бетке сыйдыру мүмкін емес екендігін айтып, көздеріне жас алды. Ерлік еш уақытта ұмыт қалмайды, Сіздердің ерліктеріңіз мәңгі біздің жүректе дейді олар.