Іс-шара » Страница 71 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қош келдің, Жаңа Жыл!» мерекелік іс-шаралар өткізілді....
30
декабрь
2021
«Қош келдің, Жаңа Жыл!» мерекелік іс-шаралар өткізілді....
27-29 желтоқсан күндері барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 1-8 сынып оқушыларымен «Қош келдің, Жаңа Жыл!» мерекелік іс-шаралар өткізілді. Балалардың жаңа жылдық көңілдерін көтеру үшін арнайы келген Аяз Ата мен Қарша қызда бүлдіршіндермен бірге болды. Шағын ортада өткізілген ертеңгіліктер жоғары деңгейде өткізіліп, тамаша әсерімен оқушылардың естерінде қалды. Келе жатқан Жаңа 2022 жыл құтты болсын демекпіз!
Хасенова Фариза облыс әкімі Д.К.Ахметовтың  жаңа жылдық сыйлығына ие болды
30
декабрь
2021
Хасенова Фариза облыс әкімі Д.К.Ахметовтың жаңа жылдық сыйлығына ие
Биылғы 2022 жыл Хасеновтар отбасы үшін өзінің қуанышымен есте қалатын жылдардың бірі болды десек қателеспейміз. Көп балалы отбасында тәрбиеленетін 5 сынып оқушысы, оқу озаты  Хасенова Фариза облыс әкімі Д.К.Ахметовтың  жаңа жылдық сыйлығына ие болды. Фариза өзінің қуанышының шексіз екенін, күтпеген сыйдың  тамаша  жаңалық болғанын айтады.  Келер жыл баршамызға қуаныш пен жақсылық әкелсін! 
«Үздік өлкетану сабағы-2021» қашықтан облыстық байқауы өткізілді
28
декабрь
2021
«Үздік өлкетану сабағы-2021» қашықтан облыстық байқауы өткізілді
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 19-27 желтоқсан аралығында «Үздік өлкетану сабағы-2021» қашықтан облыстық байқауы өткізілді.  Байқаудың мақсаты – өлкетану пәнінің танымалдылығын арттыру мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау және тарату. Байқауға қатысу үшін облыстың жалпы білім беретін мектептерінен Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, география, музыка пәндері бойынша
Жаңа Жылдық көңіл күй сыйлады...
27
декабрь
2021
Жаңа Жылдық көңіл күй сыйлады...
     Мектеп ұжымы мен оқушылардың Жаңа жылдық көңіл күйлерін жақсарту үшін   мектеп дәліздеріне мерекелік фотоалаң ұйымдастырылды. 27.12.2021 жыл дүйсенбі күні өз ерекшелігімен есте қалды.  Бұл күні  оқушылар мен мектеп ұжымын, ата-аналарды  Аяз Ата мен Қарша қыз қарсы алды. Ерекше таңғы қарсы алу- келушілерге тамаша мерекелік көңіл күй сыйлады.  Кішкентай бүлдіршіндеріміздің  жарыса айтқан тақпақтарына Аяз Ата тәттілер таратып, көпшілік ризашылығына ие болды.
«Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны.
16
декабрь
2021
«Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны.
2021 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған «ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасында онлайн форматта облыстық «Алау» әскери-спорттық ойындары өтті. Жарысқа Маяковский атындағы орта мектебінің «Жас Сарбаз» 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Жарыс бес әскери-спорттық ойын бағдарламасы бойынша өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 7 «А» «Жас Сарбаз» сыныбының «Ақ Бөрі» командасы жалпы командалық есепте І-орынға ие болды. Команда құрамында Астай Абзал,
Ауған соғысы  ардагері  Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді
16
декабрь
2021
Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі
«Маяковский  атындағы орта  мектебі» КММ-де 2021 жылдың 13-16 желтоқсан аралығында 10-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған, Ауған соғысы  ардагері  Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді. Төрт күнге созылған  бұл жарыста әр команда күш  сайыстырып қоймай, сондай-ақ, нысананы  көздеп ату, қашықтыққа  жүгіру, алысқа  секіру, турникке тартылу,  арқан тартыс  және АӘД  курсы бойынша білімдерін де ортаға салды.
"Туған жерге мың тағзым" атты республикалық балалар шығармашылық байқауы өтті
15
декабрь
2021
"Туған жерге мың тағзым" атты республикалық балалар шығармашылық
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай "Туған жерге мың тағзым" атты республикалық балалар шығармашылық байқауы өтті. Осы байқаудың "Көркемсөз" номинациясы бойынша  "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ - нің 10 "Б" сынып оқушысы Аманжолов Даулет қатысып жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі Наушабаева Қарлығаш Киярханқызы Алғыс хатпен марапатталды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай Алғыс хаттармен марапаттады
15
декабрь
2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай Алғыс хаттармен
Бүгін 15.12.2021 жыл күні  мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшы ретінде бірнеше мәрте аудан, облыс, республика деңгейіндегі жарыстар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарымен «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ жоғарыдан көрсете білген оқушыларды мектеп директоры Н.М.Садыкова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Алғыс хаттармен марапаттады. 
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті
15
декабрь
2021
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті
15.12.2021 жылы күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу торқалы тойына мектеп ұжымының басын қосқан «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға арнайы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қ.Р.Шаймуратов қатысып, мектеп ұстаздарын мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады.  Мектеп директоры Н.М.Садыкова және кәсіподақ комитеті төрайымы Қ.Қ.Наушабаева мектеп дамуы мен көркеюіне елеулі үлес қосқан