Іс-шара » Страница 74 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің жерім - менің Қазақстаным" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды...
30
ноябрь
2021
"Менің жерім - менің Қазақстаным" атты кітапханалық сабақ
30.11.2021 жыл күні "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ-нің кітапханасында Тұңғыш Президент күніне 4 сынып оқушыларымен "Менің жерім - менің Қазақстаным" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды. Елбасы туралы мағлұмат беру, өмір жолы мен еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сабақта оқушыларға жан-жақты мағлұмат беріліп, тың мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, "Әлемге таныған тұлға" кітап көрмесі балалар назарына ұсынылып,  библиографиялық
Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Сарбаз» салтанатты ант қабылдау рәсімі
30
ноябрь
2021
Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Сарбаз» салтанатты ант қабылдау
2021 жылы 30 қараша күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Тұнғыш Президент күніне арналған «Жас Сарбаз» салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты түрде 5 «А» сыныбының оқушыларына  сарбаз куәлігін бірінші бөлімшеге – қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы майор Қарасаев Бекенғали Қарасайұлы, екінші бөлімшеге – Ауған  соғысының ардагері Траиспаев Нурлан Шагибасович, үшінші бөлімшеге – Жарма ауданы бойынша Қазастан Республикасының қарулы күштерінің ардагерлер кеңесінің
«Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел»
30
ноябрь
2021
«Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел»
2021 жылғы 29 қарашада ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық  сайысы  өткізілді.  Сайысқа  Маяковский атындағы орта мектебінің командасы  қатысып,  жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команда құрамын және жетекшісі Е .Сапаш ты,   тарих пәні мұғалімі Ү.Омарованы,
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті
29
ноябрь
2021
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
29  қараша  2021  жылы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  ел Тәуелсіздігінің  30  жылдығы, Тұңғыш Президент күніне орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.  Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткен шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып
«Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» атты облыстық сайыс
25
ноябрь
2021
«Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» атты облыстық сайыс
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің командасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана-сезімнің және әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» атты облыстық сайыстың аудандық кезеңінде жеңімпаз атанып, аймақтық кезеңге жолдама алды.  Сайысқа қатысушы команда мүшелеріне және
«Жақсылыққа жаралған жүрек» республикалық әлеуметтік жобалар фестивалі
25
ноябрь
2021
«Жақсылыққа жаралған жүрек» республикалық әлеуметтік жобалар фестивалі
24 қараша күні,   Адамның үйлесімді даму Ұлттық институты ұйымдастыруымен    5-11 сынып оқушыларына арналған «Жақсылыққа жаралған жүрек» республикалық әлеуметтік жобалар фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. Байқауға  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –нен 7 сынып оқушысы Бекбосын Аружан (жетекшісі Омарова У.Ж тарих пәні мұғалімі ) қатысып,  «Даңқ бөлмесі – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы»   тақырыбында  150-ден астам  ғылыми  жұмыстан 16 жоба ның арасынан   топ жарып шығып, жүлделі   І
«Тарих ақтаңдақтары: саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» онлайн дәрісі өтті
24
ноябрь
2021
«Тарих ақтаңдақтары: саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау»
24 қараша күні Маяковский атындағы орта мектебінің оқушылары  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның үкіметтік емес ұйымдарға беретін мемлекеттік гранты есебінен жүзеге асқан «Тарих ақтаңдақтары: саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» жобасы аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихын, олардың қызмет жолы мен ұлт тарихында жасаған ерліктерін насихаттау
Жалпы білім беретін пәндер  бойынша республикалық  ғылыми жобалар  сайысының облыстық кезеңі өтті
24
ноябрь
2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар
23 қараша күні 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық  ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.  Ғылыми  жобалар сайысына  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ–нан 10 сынып оқушысы  Сейлқанова Гүлзат (жетекшісі Кошербаева Ж.Ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) қатысып, «Ғарыштық  атаулардың мақал- мәтелдер мен сөз  тіркестеріндегі көрінісі» тақырыбында жобасын қорғап, ІІІ орынды иеленді.  Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Вакцинация
22
ноябрь
2021
Вакцинация
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Т.Садыкова  баласына коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алдыртуы ата-ана ретіндегі  міндеті деп біледі.  Дені сау  ұрпақ- болашақтың кепілі екендігіне кәміл сене отырып, әр отбасының қайғысыз, қасіретсіз  бақытты өмір кешкенін қалайды!
Бастауыш сынып бірлестігінің апталығы
19
ноябрь
2021
Бастауыш сынып бірлестігінің апталығы
2021 жылдың 15-19  қараша аралығында Маяковский атындағы орта мектебінде «Жаңартылған білім- жаңаша даму кепілі» тақырыбында қазақ бастауыш сынып бірлестігінің жоспары бекітіліп, апталық өтті. Апталықта бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, бастауыш сынып  пәндерінен өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Өткізілген ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті.