«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты тізілісі өтті... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65309
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты тізілісі өтті...
26
май
2022

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты тізілісі өтті...

25.05.2022 жыл күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 11-сыныпты бітіруші мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанатты тізілісі өтті. Тізіліс қонақтары  Қалбатау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Т.Жанбусинов, қамқоршылық кеңесі төрайымы Ж.Т.Садыкова, ардагер ұстаз Т.Н.Пятковалар болды. Алғы сөзді мектеп директоры Н.М.Садыкова алып, түлектерге  ақ жол тілеп, алдағы сыннан жоғары білім деңгейін көрсетіп, сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. 8-10 сынып оқушыларына мақтау қағаздары тапсырылып, аудан намысын қорғап, жетістіктерге қол жеткізген  оқушылар мен түлектерге аудандық спорт мектебі, Жастар ресурстық орталығы атынан  мақтау қағаздары тапсырылды. Түлектерге сәт сапар тілеген Қалбатау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Т.Жанбусинов, ардагер ұстаз Т.Н.Пятковалар  жүрек жарды тілектерін айтты. 
Ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдірген мектеп түлектеріне биылғы 2021-2022 оқу жылының соңғы қоңырау соғу салтанаты беріліп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіленді. 
Түлектерге сәт сапар демекпіз!