Мұғалімдер » Страница 5 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауы өтті.
26
май
2023
«Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауы өтті.
Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дүниежүзі тарихы бойынша «Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты:  Дарынды тарих пәні мұғалімдерін анықтау және озық педагогикалық тәжірибені тарату, «қиын тақырыптар» қатарына жататын әлемдік мәдениет тарихы бойынша әдістемелік көмек базасын құрау. Байқауға мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері   Аязбаева Сандуғаш Кабийдоллаевна мен Омарова Умут Жармухаметовна
"Үздік АӘТД пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды
04
май
2023
"Үздік АӘТД пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды
2023 жылы 3 мамыр күні Шымкент қаласында өткен "Спорт жұлдыздары" журналының Отан қорғаушы және Жеңіс күндеріне орай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында пневматикалық винтовкадан ату, автоматты жартылай бөлшектеп-жинақтаудан өткен республикалық турнирде мектебіміздің "Жас сарбаз" сыныбының офицер-тәрбиешілері Садуов Алмас Арманұлы қатысып ІІ жүлделі орынға, Сәрсембай Жарас Серікқанұлы ІІІ-орынға ие болды, "Үздік АӘТД пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды.
Облыстық музыка пәндік олимпиадасы
19
апрель
2023
Облыстық музыка пәндік олимпиадасы
2023 жылдың 16 сәуірінде Семей қаласында өткен Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен облыстық музыка пәндік олимпиадасына  Жарма ауданы “Маяковский атындағы орта мектебінің” КММ 9 сынып оқушылары Еркимбекова Зарина және Оралтаева Аделия қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды.  Жетекшілері: музыка пәні мұғалімі Аксакова. Б.М музыка жетекшісі Баяхметова.Н.М Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
"Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін волейболдан республикалық турнир өтті
02
март
2023
"Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін волейболдан республикалық
25 ақпан күні Семей қаласында өткен "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін жалпы ұстаздар арасында волейболдан республикалық турнирде мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Базанов Нурбол Ерболұлы II - орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
«Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі қатысушыларға есігін айқара ашты.
18
январь
2023
«Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі
Дарынды оқушыларды қолдау үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық қабілеттерін және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында  «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК ұйымдастыруымен өткен «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің эссе жазу бағамы бойынша мектебіміздің оқушылары Ермек Аяла, Толымхан Бақыт, Сақтағанова Дильназ, Айтқазы Саяжандар қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ –дәрежелі дипломдармен марапатталды.  Жетекшілері- А.Ж.Тюлегетаева. Марапат иелерін құттықтаймыз!
Мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында XXII  спартакиадасы өтті
30
март
2022
Мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында XXII спартакиадасы өтті
Жарма ауданы мектептері және мектепке дейінгі мекемелерінің мұғалімдері мен тәрбиешілер арасында өткен XXII  спартакиадасында "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ-нің командалары шахматтан 1-орын, волейболдан ерлер командасы 3-орын, жалпы командалық есепте 2-орынға ие болды. Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!! Сагимбаев Ильдар Слямович волейболдан "ЕҢ ҮЗДІК ТОСҚАУЫЛШЫ" бағамы бойынша марапатталды. ______________________________________________________________________ Команда
Мұғалімдер арасында волейбол аудан турнирі өтті
26
март
2022
Мұғалімдер арасында волейбол аудан турнирі өтті
2022 жылдың 25 наурыз күні Шар қаласында Кеңес Одағының батыры П.Г.Карелиннің 100-жылдығына арналған мұғалімдер арасында волейбол аудан турнирінде Маяковский атындағы орта мектебінің командасы ІІІ-орынға ие болып, грамота мен қаржылай сыйлыққа ие  болды. Сонымен қатар аталған жарыста "Үздік қорғаушы" номинациясына Базанов Нурбол Ерболович ие болды! Құттықтаймыз!!! ____________________________________________________________________ 25 марта 2022 года в городе Шар, прошёл районный турнир по
«Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті
19
март
2022
«Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш
Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» республикалық жиыны 2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті. Шығыс Қазақстан облысынан әдіскерлер, «Үздік педагог» атағының иегерлері, педагог-шебер санатты бастауыш сынып мұғалімдері (20 делегат) қатысты. Съезде бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту, бастауыш тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, білім алушылардың оқу
Танымдық сабақтар өтті...
18
февраль
2022
Танымдық сабақтар өтті...
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –нің музыка жетекшісі Б.М.Аксакованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушыларына «Біздің Роза» атты  күміскөмей әнші Роза Бағланованың өмірі мен өнерін паш ететін музыкалық шығармалары мен деректі фильмдерінен танымдық сабақтар өтті. Оқушылардың жанындарына жақын Роза Бағланованың орындауындағы «Айналайын» әні әншінің өздерімен бүгінге дейін бірге болғанының айғағындай сезімде әкелді.  Әр танымдық сабақтар оқушы жүрегіне жол салып, қазақтың дүлдүлінің өмірі мен
«ҮЗДІК  ПЕДАГОГ -  2022»  байқауы өтті
18
февраль
2022
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2022» байқауы өтті
Шығармашылықпен жұмыс істейтін,   кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген  ұстаздарды анықтау мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 18-ақпан күні   «ҮЗДІК  ПЕДАГОГ -   2022»  байқауы өткізілді. Байқауға әр әдістемелік бірлестіктен еңбек өтілі 5 жылдан жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді. Байқаудың І