Жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
07
февраль
2023

Жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті

2023 жылдың 30 қаңтары-3 ақпаны аралығында Жарма ауданы білім беру мекемелерінде республика бойынша бір уақытта жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
  
Олимпиада Георгиевка орта мектебінің базасында электронды форматта  "1 компьютер-1 оқушы-1 камера" принципі негізінде "EL UMITI цифрлық онлайн платформасы" ақпараттық жүйесінде прокторинг жүйесін қолданумен өткізілді. Қатысушыларға жауап парақтары, тапсырмаларды алу үшін жеке логин, пароль беріліп, олимпиада кезінде бейнежазу мен Youtube каналында тікелей эфир жүргізілді.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерінен 300-ден  астам оқушы қатысты.

Нәтижесінде мектебіміздің  олимпиадалық командасы 19 жүлделі  орынға ие болды: 1 орын- 7, ІІ орын- 5, ІІІ орын- 7 орын! 1 орын иегерлері  облыстық олимпиадаға  жолдама алды! Оқушылар мен жетекшілерін  құтықтаймыз! Жарайсыздар! Жеңістер көп болсын!!!