Ашық есік күні ұйымдастырылды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2022

Ашық есік күні ұйымдастырылды

   2022 жылдың 21 қыркүйек күні «Балалар жылына» арналған іс-шараларды іске асыру мақсатында «Қазіргі заман тарихы орталығы» КММ-нің Жарма филиалында «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізуге арналған Ашық есік күні өткізілді.      Іс-шараға мектебіміздің  «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары шақырылған болатын. Экскурсия барысында оқушылар архив ісімен және архивтік құжаттардың қайда және қалай сақталатынын көріп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің біріктірілген архивтік қоры құжаттарынан ұйымдастырылған «Қалдырған ізі мәңгілік», «Отты жылдары жаңғырығы», «Пусть знают и помнят потомки» атты көрмелерінің де қатысушылары болып қайтты. Ізгілігі мен үйретімі мол көрме ұйымдастырушыларына  алғысымыз шексіз.