"Жас мамандар мектебінің" бірінші отырысы өткізілді. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жас мамандар мектебінің" бірінші отырысы өткізілді.
29
сентябрь
2022

"Жас мамандар мектебінің" бірінші отырысы өткізілді.

29.09.2022 жылы "Маяковский атындағы орта мектебінде" КММ, "Жас мамандар мектебінің" бірінші отырысы өткізілді.
Мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында жас мамандардың табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау.
Отырысқа мектептің жас мамандары, жаңадан келген ұстаздары қатысты. Мектепке биыл жаңадан 2 жас маман қабылданды. Жалпы 4 жас маманға тәлімгерлері тағайындалды.
Жиналыс басында мектептің психолог мамандары Тагиева И.Т. және Ибраимова М.М. психологиялық тренинг өткізді. 
Мектептің оқу ісі меңгерушісінің Траиспаева А.А. жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже мен мектептің ішкі ережелерімен таныстырды. Құжаттама бойынша нұсқаулықтар берілді.