«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік бастау алды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік бастау алды
18
ноябрь
2022

«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік бастау алды

10-20 қараша күндері  оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру  мақсатында «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік бастау алып, мектебімізде іс-шара жоспары жасалды. 
Жоспар негізінде   2-11 сынып оқушыларының құқықтық білімдерін арттыру және өз құқықтарын қорғай білу мақсатында «Бала құқығы- адам құқығы», «Құқықтық тәрбие», «Бала және оның құқығы»  тәрбие сағаттары өтіп, бала құқығы жайлы ой-пікірлері мен өзіндік құндылықтарының ескерусіз қалмайтындығы талқыланды. 
Тарих пәні мұғалімі С.К.Аязбаеваның ұйымдастыруымен 8- сынып оқушыларының басын қосқан «Менің құқығым - менің Азаматтығым» тақырыбында пікірталас сабағында оқушылар түрлі жағдаяттарға байланысты бала құқығы бұзылған кездегі тығырықтан шығу жолдарын көрсету, құқығын қорғауға мүдделі екендігі жайлы сөз қозғалып, пікір алмасып, ойларын ортаға салды. 
Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары И.С.Сагимбаевтың жетекшілігімен 6-8 сынып оқушылары арасында  «Құқық бұзушылық туралы» жасырын түрдегі сауалнама алынып, оқушылардың ойлары жинақталып, қорытынды жасалды.
Сонымен қатар, 10-11 сынып оқушыларымен қазақ тілі пәні мұғалімдері бірлескен «Мені құқығым», «Бала құқығы жайлы не білесің?» тақырыбында эссе жаздыртып, оқушылардың құқықтық сауаттылықтары қағаз бетіне түсірілді. Мектептің жас ұстаздары және сынып жетекшілер тарапынан "Түнгі қалаладағы балалар" акциясы ұйымдастырылып, аз қамтылған, "қолайсыз отбасы" үйлері араланды. Мәліметтер аудандық полиция бөлімі және Жарма аудандық білім бөлімімен бірлесесе талқыланды.