“Екі жұлдыз” ән байқауы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2022

“Екі жұлдыз” ән байқауы өтті

18-ші қараша күні музыка жетекшісі Н.М.Баяхметова мен музыка пәні мұғалімі Б.М.Аксакованың ұйымдастыруымен мектебімізде “Екі жұлдыз” ән байқауы өтті. Сайысқа мектебіміздің 6-7- сынып оқушылары ата-аналарымен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
“Екі жұлдыз” ән байқауының басты мақсаты - оқушылар мен ата-аналардың бойындағы  өнер әлеміне деген құрмет пен сүйспеншілік сезімді арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Байқау қазақ эстрада әндері мен 
мультфильм немесе кинода орындалатын саундтректерді орындау бағамындағы екі кезеңнен тұрды. Жеті жұп қатысқан байқауда өздерінің вокалдық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, барлығы жүлделі орындармен марапатталды. 
Отбасындағы береке мен бірліктің көрінісі болған кішкентай сайыстың тәрбиеге қосары үлкен болғандығы бізді қуантады.