«Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дене шынықтыру, АӘТД және көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дене шынықтыру, АӘТД және көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.
23
декабрь
2022

«Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дене шынықтыру, АӘТД және көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.

2022 жылдың 19-23 желтоқсан аралығында Маяковский атындағы орта мектебінде «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дене шынықтыру, АӘТД және көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Мектептің 1- қабаты апталыққа сай безендіріліп, апталықтың таңғы қарсы алуы дене шынықтыру пәні  мұғалімдерінің, оқушылардың қатысуымен әр түрлі спорттық ойындар ойнатылуымен басталып, ойынға қатысушы жеңімпаздар  бағаланып, сыйлықтармен  марапатталды. Мектептің таңғы тізілісінде оқушылар спорттық ән шырқаса, спортшылар өнерлерін көрсетіп жатты. Апталық мақсаты оқушыларымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, білімге, еңбекке деген қызығушылықтарын ояту болғандықтан оқушыларымыз бар жігерлерімен іс-шаралардың ұйтқысы болды десек қателеспейміз. Ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, сөзжұмбақ сайысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылған апталық ұстаздардың кезекті ашық сабақтарымен жалғасын тауып, жоғары деңгейдегі  әдістемелік бірлестік ұстаздарының еңбектерінің нәтижесін көрсетті. 
------------------------------------------------------------------
С 19 по 23 декабря в КГУ «Средняя школа имени Маяковского» прошла неделя учителей физической культуры, учителей трудового обучение и учителей НВП. Цель предметной недели: содействие всестороннему развитию личности учащихся, развитие интереса к физической культуре, к труду. Углубление знаний повышение мотивации к обучению. Воспитание  интереса к истории физической культуры и уважительные отношение друг к другу. Развитие познавательных и творческих способностей учащихся. Неделя  началась с торжественного открытия на линейке, где пели песни, состязались в разных спортивных  играх и соревнованиях, которые поощрялись призами. Спортсмены показывали трюки по разным видам спорта. В течении недели,  согласно плану проводились открытые уроки и внеклассные мероприятия, сопровождающиеся загадками, кроссвордами и другими  разноуровневыми  и дифференцированными заданиями.