«Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды
16
февраль
2023

«Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды

Қазақ әдебиетінде алпысыншы жылдары өз өрнегімен ерекшеленіп келген шығыстың жазушысы Оралхан Бөкей өзінің азғантай ғұмырында жазу шеберлігі мен өнердегі ізденістері арқасында оқырмандардың зор сүйіспеншілігіне бөленіп, асқарлы биікке өзін де, туған елін, әдебиетін де шығарып әлемге танылып үлгерді. 
Қаламгердің 80-жылдық торқалы тойына орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ кітапханашылары 7- сыныптар арасында «Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылып, қаламгердің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі негізге алынды.  Конференцияда оқушылар талантты тұлғанын өмірбаянымен, қайталанбас қасиеттерімен, шығармашылығымен танысты.   
Іс-шара әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отыра, жасөспірімге өмір шындығын таныту, алған білімдерін қорыту, және шығармадан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеуді көздеді.