"PROFILAND" форматында 5-сынып оқушыларымен мамандықтар әлеміне саяхат жасауды бастады » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "PROFILAND" форматында 5-сынып оқушыларымен мамандықтар әлеміне саяхат жасауды бастады
22
февраль
2023

"PROFILAND" форматында 5-сынып оқушыларымен мамандықтар әлеміне саяхат жасауды бастады

22 ақпан күні мектеп психологтары И.Т Тагиева мен А.О Ұлыбаева және әлеуметтік педагог А.Ж Тюлегетаева оқушылардың өз бойындағы ерекшеліктерін анықтау, болашаққа бағыт бағдар беру мақсатында "PROFILAND" форматында 5-сынып оқушыларымен мамандықтар әлеміне саяхат жасауды бастады. Ең алғашқы саяхат Қалбатау ауылындағы жанашыр жандардың бірі- Бүркіт Хантарбайұлы бастаған "Korkem print" жарнама агенттігі болды. Балалар барлық агенттіктегі жұмысшылармен белсене кері байланыс  орната отырып, өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, тіпті жұмыс  жасап көрді. Оқушылардың  қызығушылықтарының оянғаны соншалық бұл мамандық иелерінің жұмыстарының қиындықтары ерекше екендігін байқады. Алдағы уақытта саяхатымыз жалғасын тауып, оқушыларымыз өз жобаларын қорғайтын болады. Оқушыларымызға сәттілік!