«Жаныңда жүр жақсы адам..» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2023

«Жаныңда жүр жақсы адам..»

Алғыс айту баршаға ортақ қасиет деп білеміз. Оған дәлел, «Маяковский атындағы орта  мектебі» КММ- де өткен  салтанатты іс-шара. «Жаныңда жүр жақсы адам..» тақырыбында  мектеп демеушілерінің басын қосқан шарада жылдар бойы  «көмек» қажет ететін  отбасылар мен тәрбиеленушілерге  аялы алақандарын ұсынып, қамқоршылық,  демеушілік жасап, тірек болған  жандарға алғыс   білдіру болды.
Кеште мектеп директоры  Н.М.Садыкова  құттықтау сөз сөйлеп, келушілерге ұжымның атынан  алғыс хаттар табыс етті. Демеушілердің ойлары тыңдалып, оқушыларымыздың «рахмет» тілектері тыңдалды.  Көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға жаны құмар оқушылардың  тарапынан арнайы мерекеге концерт қойылып, көпшілік алғысына бөленді. Салтанаттың соңы мектеп психологтерінің «Шайхана» басқосуымен жалғасын тапты.
 Жақсылық жасауға талпынатын,  қиын-қыстау кезеңде жаныңнан табылатын «жақсы» адамдардың жанымызда жүргендігі бізді қуантады.