Дәстүрлі емес сабақ өткізді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2023

Дәстүрлі емес сабақ өткізді

2023 жылы 19 сәуірде Абай облысы Білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 9-сынып оқушылармен ҚР  Президенті  Қ.К. Тоқаевтің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында Алаш арыстарының  асыл мұрасын игеруді жалғастыру мақсатында  «Облыстық  инновациялық-әдістемелік  орталығы»  КММ тарапынан  жүргізілген  "Бірыңғай  тарих  сабағы" күнінде «Қазақ»  газетіне 110 жыл тақырыбы аясында тарих пәні мұғалімдері Омарова У.Ж., Аязбаева С.К., Сапаш Е.Т. дәстүрлі емес сабақ өткізді. Сабақ барысында презентация арқылы «Қазақ» газеті 1913  жылдан бастап шыға бастағаны, газетте рәміздік бейне ретінде киіз үй ұсынғаны жөнінде айтылды.  Қазақ газеті халық айнасы ретінде сол кездегі көптеген өзекті мәселерді өз ішінде қамтып халыққа жеткізіп отырғаны жайлы түсіндірілді.   «Қазақ» газеті жабылды, бірақ оның басты мақсаты орындалды ма? тақырыбында дебат –сайыс өткізілді.   "Зерттеу-талдау" әдісі арқылы  сұрақтармен жұмыс жасалып, "Постер"әдісі арқылы  өз ойларынан газет шығарып, талдау жасады. Сабақ соңында бірін- бірі бағалап кері байланыс жасады.  Сабақ оқушыларға іскер-дағдыларын қалыптастыруға,сыни ойлауға, аймақтық деректерді тануда , еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастырды.