«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-жұмыстар конкурсы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-жұмыстар конкурсы
11
май
2023

«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-жұмыстар конкурсы

Семей қаласындағы тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған  «Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-жұмыстар конкурсы өз мәресіне жетті. Мамырдың  3-4 күндері конкурс қорытындысы және марапаттау рәсімі өтті. 
Конкурс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар – Абай облысының орта мектептерінің 11 сынып оқушылары.
Наурыз айынан бастау алған конкурс жұмыстары сәуірдің 10-22 күні аралығына дейін қатысушылар өздерінің өтініштері, ғылыми жұмыстары және презентацияларың жіберіп тапсырған. Қазылар алқасы қатысуға өтініш білдірген оқушылардың жұмыстарын бекітілген талаптар бойынша бағалап 40-қа жуық жұмыстың жиырма тоғызы іріктелініп, екінші кезеңге өткізілді.
Екі кезеңде осындай білікті топтың қатаң сынынан сүрінбей өткен үміткерлер арасынан дауыс беру бойынша бас жүлде жеңімпазын және жүлделі орындарға ие болған үш қатысушыны таңдады. Талмай талаптанып, үкілі үмітін арқалап қатысқан барлық қатысушыларға музей тарапынан арнайы алғыс хаттар табысталды. 
Аталмыш конкурсқа   Маяковский атындағы мектеп түлектері  Оралханова Ажар, Құрманов Елдар, Мирашев Нұралы қатысқаны үшін сертификат табысталды. Жетекшілері: Омарова Ү.Ж., Аязбаева С.К.