ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01
сентябрь
2023

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

🔔ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ🔔 🔔 🔔 🔔 🔔 🔔 🔔

🗯️«Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білімнің жаңа көкжиегін игеруге, тың ізденістер мен жаһандық мақсаттарға ұмтылған үш миллионнан астам жас өреннің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.  

📖Биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектептерде оқуды бастайды. Ауылдық жерлердегі білім деңгейін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 1 мың ауыл мектебі қайта жаңғыртылып, пәндік кабинеттер ашылады, кітапханалар мен асханалары,  жиһаздары жаңартылады. Алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылады. Мұның бәрі отандық білім сапасын арттыру, балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынуда.  

🎊Айналайын, балдырғандар, бірінші сынып оқушылары!
Бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты әрі маңызды күн. Алғашқы қоңыраудың сылдырымен таңғажайып білім әлеміне саяхатты бастайсыздар. Биыл 382 мың бүлдіршін мектеп табылдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Ал, 11 сыныптағы 188 мың оқушы үшін бұл алтын ұяның қабырғасындағы соңғы жыл.
Бүгінгі күннің ата-аналар үшін де маңызы ерекше. Перзентін мектепке дайындап, қобалжитын сәт. Әркім өзінің оқушы болған кездерін сағынышпен еске алатын күн.

📚Биыл алғаш рет колледж студенті атанған 190 мың жас үшін бұл - үлкен өмірге алғашқы қадам жасайтын шешуші күн.  
Біздің мұғалімдер үшін бұл күн сүйікті жұмысына оралатын, шәкірттерімен қауышатын күн. Осы айдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 100 мыңға жуық педагогтің жалақысы 30% - ға, ал колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға өседі.

💬Қадірлі әріптестер!
Жаңа оқу жылы әрқайсыңыз үшін қызықты әрі пайдалы болсын! Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Білім күні құтты болсын!»