Бүгін 1 сынып бүлдіршіндері мектеп табалдырығын аттады... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бүгін 1 сынып бүлдіршіндері мектеп табалдырығын аттады...
01
сентябрь
2022

Бүгін 1 сынып бүлдіршіндері мектеп табалдырығын аттады...

#bilim_quni Бүгін  1 сынып бүлдіршіндері мектеп табалдырығын аттады...
Бүгінгі мереке - бала құқығы мен құндылығын қорғайтын, басты құжатымызды дәріптейтін  Конституция күнінің жалғасы болып табылады. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжанжылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға Жарма аудандық маслихат хатшысы М.М.Оспанбаев, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Т.Садыковалар қатысты. 
Мектеп табалдырығына қадам басқан 82 бүлдіршінге мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, өткен 2021-2022 оқу жылындағы бірқатар жетістіктерді тоқталып өтті. 2022-2023 жаңа оқу жылына толағай табыстар тілеген  Жарма аудандық мәслихат хатшысы М.М.Оспанбаев оқушылар мен ұжым мүшелерін, ата-аналарды тамаша мерекемен құттықтады.
Көп жылдар білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаз Т.Т.Сапариянов пен     1 сынып оқушысы Мейрашева Өзгеге алғашқы қоңырау соғу салтанаты беріліп,  мерекенің  ажарын әсем әндер жалғастырылды.
Жаңа 2022-2023 оқу жылы біздер үшін, сан жүздеген оқушылар үшін жемісті жыл болатынына сенімдіміз!
Мереке құтты болсын!