Бексұлтан Кенішқалиев мектебіміздің оқушысы, түлегі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бексұлтан Кенішқалиев мектебіміздің оқушысы, түлегі
14
декабрь
2023

Бексұлтан Кенішқалиев мектебіміздің оқушысы, түлегі

Бексұлтан Кенішқалиев «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушысы, түлегі. Семей қаласындағы М. Төлебаева атындағы музыкалық училищесін (хор дирижері), Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрадалық бөлімін оқып бітірген. 
Бүгінде Бексұлтанның вокалдық мансабы табысты дамуда: "Қазақстан дауысы" және "Музарт-Live" ұлттық тележобаларының финалисті, "Жұлдыз" республикалық байқауының Гран-при иегері, 2019 жылы Литвадағы "Паланга" шлягерлер халықаралық фестиваль-конкурсының және Ресейдегі "Теңіз торабы" халықаралық жас орындаушылар фестиваль-конкурсының Гран-приін алды.   "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі аясында "Витебск-2020"XXIX халықаралық жас орындаушылар байқауында Қазақстан атынан өкілдік ету құқығы үшін ұлттық іріктеу турындағы Жеңісінің маңызды құрамдас бөлігі болып,  жүлделі орынды иеленді. Жас орындаушының вокалдық репертуарында әлемдік классика, халық әндері, сондай-ақ өз шығармаларының шығармалары бар.
11.12 күні Бексұлтан өзі оқып, білім алған мектебіне келіп, мектеп оқушыларымен  кездесу кешін өткізді.Түрлі сұрақтар қойылып, әншінің талантына тәнті  болған жеткіншектер кештен үлкен әсер алды десек қателеспейміз. 
Біз Бексұлтандай түлегімізбен мақтан тұтамыз, әр ісіне сәттілік тілейміз демекпіз!