Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар өткізілді
15
декабрь
2023

Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар өткізілді

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында 10-11 сыныптар арасында мектеп жоспарына сәйкес, Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар өткізілді. Бес күнге созылған  бұл жарыста әр команда күш сайыстырып қоймай, сондай-ақ, нысананы көздеп ату, қашықтыққа  жүгіру, алысқа  секіру, турникке тартылу,  арқан тартыс  және АӘД курсы бойынша білімдерін де ортаға салды. Көпшілік назарын аударған сайыста 10 «А» сыныбы  жеңіске жетіп, кубок иеленсе, 11 «А» сыныбы екінші, 11 «Ә» сыныбы үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысына арнайы келген аудан қорғаныс істері бойынша бөлімінің басшысы подполковник Саябаев  Меирхат Муратказыевич оқушыларға алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, еліміздің болашағы – өскелең ұрпақ екенін айтып, ризашылық білдіріп, салтанатты түрде, мектеп АӘТД мұғалімі Квач Михаил Мечиславовичке «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» қоғамдық төсбелгісімен және Алғыс хатты табыстады. Құттықтаймыз!!! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма