Жігіт сұлтаны » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2023

Жігіт сұлтаны

3 мамыр күні «Жігіт сұлтаны-2023» сайысы өткізілді.
Елінің оңы болады,- демекші, қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар-болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген. Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік – жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелен ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты, шешендікті, алғырлықты байқау, оны паш ету мақсатында мектеп тәлімгері Кеңесова Ж.Ғ ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны» атты сайысы өтті. Сайысқа 7-8 сыныптан, өнерімен тамсандырған, бірінен бірі озатын сайыпқыран жігіттер қатысты. 4 бөлімнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін оқушыларымыз бар өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті.«Жігіттің сұлтаны» – талантты да сымбатты және күшті, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болуы шарт. Өзге жігіттерден дараланып, барлық шартқа сай негіздерді көрсете білген, қазылар алқасының дипломдармен марапатталды.