Қарттарымыз аман болсын...
Халықаралық қарттар күніне тұспа- тұс келген «Ұстаздар» күнінде асыл ардагер ұстаздарымызды қос мерекелерімен «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің кәсіподақ ұйымының төрайымы Наушабаева Қ. К., ардагер ұстаз Пяткова Т. Н, Квач М.М және мектебіміздің тәлімгері Шакманова Г.Н арнайылап барып, көңілдерін сұрап, төл мерекелерімен құттықтап қайтты.
«Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай»,- демекші, тұла бойы толған шежіре – дастан іспеттес болып кеткен қарттарымыз басынан өткен қилы қызық шақтарын еске алып, еңбек жолдарындағы сел еткізген сәттерімен тағы бір мәрте бөлісті. Қаншама шәкірттерді біліммен сусындатып, үлкен өмір жолына аттандырған, сол шәкірттерінің бүгінде жетістіктерін көріп марқайған ардагер ұстаздарымыз жасаған еңбектеріне еш мақтанбайды. Жұмысын – өзінің міндеті деп қараған ардагерлеріміз еңбек жолындағы жетістіктерін болашақ ұрпаққа аманат еткендей.
Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Ерен еңбектеріңізге, шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге мәнді өмір,зор денсаулық, амандық тілейміз – деп ілек айтқымыз келеді.
Қарттарымыз аман болсын....