«Бір ел, бір тағдыр» эсселер сайысы
«Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшінжанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!»,- деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, ұрпақ бойындағы еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, ел тағдырына жүректері селт ететін Азаматты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Осыған орай, қараша айының 24 жұлдызында 9-11 сынып оқушылар арасында «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында эсселер сайысы өткізілді. Әр сыныптан өз ойын ортаға салғысы келген оқушылар аз болмады. Қазақша, орысша, ағылшынша жазылған эсселердің өзіндік ортақ ойы қағаз бетіне түсірілді. Жүзден жүйрік шыққан, тың ойлары мен жаңашыл көзқарастарын еркін білдіре білген оқушыларымыз бағаланып, марапатталды.
Құлшына кірісіп, сайысқа қатысқан әр оқушымызға алғысымыз шексіз дегіміз келеді.