Мектепте 11 қазан Халықаралық қыздар күні атап өтілді... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте 11 қазан Халықаралық қыздар күні атап өтілді...
11
октябрь
2021

Мектепте 11 қазан Халықаралық қыздар күні атап өтілді...

09-11.10.2021 жыл күндері «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де  Халықаралық қыздар күні атап өтілді. Қыз балаларды кезесетін мәселелердің оң шешімін табу, олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға 1-11 сыныптың қыз балалары және олардың аналары, мектеп психологтері қатысып, белсенділік танытты. 

Қазақ халқы қашаннан қыз баланың тәрбиесіне жіті назар аударып, қызды қонақ деп құрметтеген. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербейтін әйел затының басты құндылықтарын дәл сол тал бесіктен сіңірген. Мектеп жасындағы қыз балалардың тәрбиесі, тәлімі отбасы және мектеппен тығыз байланысты. Осыған орай, атаулы күнде мектебімізде  «Мен және менің Анам» тақырыбындағы суреттер мен фосуреттер көрмесі, «Қыз өмірдің қызғалдағы» кітаптар көрмесі, «Қыз болашағы – ел болашағы», «Қызды қырық үйден тыю», «Нағыз қыздар келбеті»   тақырыптарында 5-11 сынып қыздары және олардың аналары қатысуымен онлайн тәрбие сағаттары өтсе, «В семье растет дочь» психологтердің  қазақ және орыс тілдерінде онлайн кеңесі таратылды. 

Тәрбие беру- тоқтаусыз, толассыз жүретін үдеріс екені баршамызға аян. Ендеше, нағыз тәрбие берудің шегінің жоқ екендігін ұмытпағанымыз жөн.