«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интелектуалдық конкурсын өткізді. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интелектуалдық конкурсын өткізді.
19
октябрь
2021

«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интелектуалдық конкурсын өткізді.

             Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын»   орталығы қашықтан 2021 жылдың 11 қазанында 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің  кіші  Отаным» жас тарихшылардың облыстық интелектуалдық конкурсын өткізді.

        Конкурстың мақсаты: туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.

 «Менің   кіші  Отаным» жас тарихшылардың облыстық интелектуалдық конкурсы екі айналымда өтті:

І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу;

ІІ айналым – 4 номинация бойынша

«Талаптансаң алмайтын асу жоқ» дегендей, жетістікке жету үшін талаптанып  Маяковский атындағы орта мектебінің 10 сынып  оқушысы  Оралханова Ажар «Кішкентай отанымның символы» номинациясы  бойынша  қатысып 2- орынға иеленді,  жетекшісі тарих пәні мұғалімі У.Ж Омарова. Тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!