«Даңқ» бөлмесінде ерлік сабағы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Даңқ» бөлмесінде ерлік сабағы өткізілді
09
ноябрь
2021

«Даңқ» бөлмесінде ерлік сабағы өткізілді

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –де 9- қараша күні «Даңқ» бөлмесінде ерлік сабағын тарих пәні мұғалімдері өткізді. 

Сабақтың тақырыбы: Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылардың және жерлесіміз Төлeуғали Әбдібековтың ерліктері.

Мақсаты: Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылардың және жерлесіміз Төлeуғали Әбдібековтың   Ұлы Отан соғысына қатысуы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді   пысықтау, тиянақтау, үлгі ету. 

Ерлік сабағы екі бөлімнен тұрды.

Бірінші бөлімінде «Даңқ» бөлмесін таныстыру, екінші бөлімінде Ерлік сабағы. Жеңіс үшін  жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.  «Даңқ» бөлмесін таныстырған Бекбосын Аружан және Жолдыбаева Аружан. Екінші бөлімінде белсенділік танытқан оқушылар Дәуітбек Жігер, Жекебек  Інжу 28 гвардияшы Панфиловшыларға арнап өлең оқыды, 8-сынып оқушылары Төлeуғали Әбдібековтың өмір жолын таныстырып өтті. Алиева Дильназ «Жеңіс күні» атты әнімен қорытындылады.