Жарма аудандық полиция қызметкерлері әнгіме өткізді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жарма аудандық полиция қызметкерлері әнгіме өткізді
07
декабрь
2021

Жарма аудандық полиция қызметкерлері әнгіме өткізді

Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, ерте жастан теріс қылықтардан аулақ болу, бұрыс әрекеттерге бой алдырмау мен қатыгездікке жол бермеу мақсатында кеше, 06.12.2021 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-не аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор М.К.Мамилов пен Р.М.Муратовтар келіп 9-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді. 

Бос уақытты тиімді пайдалану, кешкі уақыттағы оқушы ережесі де назардан тыс қалмады. К.М.Мамилов өз сөзінде: қылмысты болдырмаудың   ең басты  негізі-ол адам бойындағы адамгершілік пен ортаға деген сүйіспеншілік және шешімі жоқ мәселенің болмайтынын  басып айтты. 

Әңгіме соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, полиция қызметкерлері тарапынан оң жауаптарын ала алды.