Ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті
26
декабрь
2022

Ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті

Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 26 желтоқсан күні мектепалды даярлық топ және 1-4 сынып оқушыларына арналған қуанышқа да, ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.  
Мереке қарсаңында мектеп спорт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі байқаулар мен ойындар және би жарыстары өтті. Әсіресе, мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз ата және Ақшақармен кездесуі қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көрсетілген қойылымдарды қызыға тамашалаған оқушылар таңғажайып ертегілер әлеміне енгендей сезімде болды. Балалар уақытын өте қызықты өткізіп, мереке қарсаңында ерекше қуанышқа бөленді. 
---------------------------------------------------------------
26 декабря 2022 года в КГУ «Средняя школа имени Маяковского»  прошёл долгожданный Новогодний праздник для учащихся 1-4 классов и воспитанников групп предшкольной подготовки. 
Новый год для детей – это пора сказок и чудес. В это время дети ждут прихода Деда Мороза, Снегурочки и, конечно же, подарков. Ребята с огромной радостью встретили самых долгожданных гостей на празднике – Деда Мороза и Снегурочку, и были не только зрителями, но и участниками праздника: представляли номера художественной самодеятельности, участвовали в конкурсах, пели, водили хоровод вокруг ёлки, веселились. На протяжении всего мероприятия у учащихся были искренние улыбки и счастливые глаза.
Спасибо учащимся, педагогам и всем, кто организовал замечательный праздник, за весёлое новогоднее настроение!