Материалы за Апрель 2024 года » Страница 5 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2024 года » Страница 5
"Білім-инновация лицейі" өкілдері келіп 6-сыныптың ұл балаларымен кездесу өткізді.
05
апрель
2024
"Білім-инновация лицейі" өкілдері келіп 6-сыныптың ұл балаларымен
Мектебімізге Семей "Білім-инновация лицейі" өкілдері келіп болашақ  лицей түлектері болуға ниет білдіремін деуші 6-сыныптың ұл балаларымен кездесу өткізді.  Кездесу барысында оқушыларға тіркелу және қабылдау емтихандары туралы ақпарат беріліп, лицейдің тарихы мен  жетістіктері бойынша таныстыру жұмыстары жүргізілді.
"Дін мәселелері" жөнінде кездесу өткізілді.
05
апрель
2024
"Дін мәселелері" жөнінде кездесу өткізілді.
4 сәуір күні  9-11-сынып оқушыларымен  "Дін мәселелері" жөнінде кездесу өткізілді. Кездесуге  Дін мәселесін зерттеу орталығының және   ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысып, балаларға діни ағымдар мен оны ұстанудың  дұрыс жолдары туралы ақпарат берді. Жастар арасындағы теріс ағымның  рөлі  ескертіліп, оқушыларға бағыт-бағдарлар берді.  
"Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2024" байқауының аймақтық кезеңі өтті.
05
апрель
2024
"Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2024" байқауының аймақтық кезеңі өтті.
5 сәуір күні Қалматаев атындағы орта мектебінде "Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2024" байқауының аймақтық кезеңі өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің  бастауыш сынып мұғалімі Қуанышбекова Гүлназ Қуанышбекқызы қатысты. Ұстазымыз өз шеберлігімен өте жоғары деңгейде бөлісе отырып,жүлделі 2 орын алды. Құттықтаймыз!
С. Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай шахматтан және сурет салудан сайыс өтті
05
апрель
2024
С. Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай шахматтан және сурет салудан
05.04.2024 жыл күні Жанғызтөбе кентінің № 47007 әскери  бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Қаділов Бекжан Бейбітбекұлы арнайы келіп, мектебімізде  бөлім қызметкерлері балаларының арасында С. Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай шахматтан және сурет салудан сайыс өткізді.
«DALA DARYNY” байқаулар мен фестивальдер
05
апрель
2024
«DALA DARYNY” байқаулар мен фестивальдер
Абай облысы «DALA DARYNY” байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыру орталығымен өткен  облыстық «Өнерлі бала» көп жанрлы өнер фестивалінде вокал номинациясы бойынша 7-10 жас санатында мектебімізден 5-сынып оқушылары Тулеген Амир мен Еркимбеков Дильдарбек (жетекшісі Д.М.Нурпеисова) қатысып, «Мен қазақтың баласы» шығармасымен І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас жұлдыздарымызды жүлделерімен құттықтаймыз!
«Зиянды әрекеттерден аулақ болайық» атты әңгіме жүргізді.
05
апрель
2024
«Зиянды әрекеттерден аулақ болайық» атты әңгіме жүргізді.
Қазіргі таңда темекі, алкоголь, есірткінің адам ағзасына қаншалықты зиянды әсері туралы көп айтылады және қоғамда оларды жеңіл түрде «зиянды әдет» деп атайды. Осы мәселелерден мектеп қабырғасында жүрген оқушылардың бойын аулақ ұстау, алшақтату, болдырмаудың алдын-алу барысында 9 сынып оқушылары Нұржан Есенгельдиев,  Дильназ Сактаганова, Камилла Мирхат және Земфира Ағыбай  7-8 сыныптармен «Зиянды әрекеттерден аулақ болайық» атты әңгіме жүргізді. Дұрыс жол көрсетіп, жақсы жолға жетелейтін
" Анамен бірге сурет саламыз" республикалық байқауын ұйымдастырды
05
апрель
2024
" Анамен бірге сурет саламыз" республикалық байқауын ұйымдастырды
"ӨРКЕН" балалардың әл - ауқатын арттыру ұлттық ғылыми - практикалық институты мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары мен ата - аналары, қамқоршылары, заңды өкілдерімен бірлескен шығармашылық қызметті көрсететін, мейірімділік пен қамқорлыққа толы " Анамен бірге сурет саламыз" республикалық байқауын ұйымдастырды. Байқауға мектебімізден бірнеше сурет қатысып, нәтижесінде 11 "Ә" сынып оқушысы Құсаинова Даяна "Жас суретші", 2 "Ә" сынып оқушылары Жанбаева Амина "Жас шебер",
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау
04
апрель
2024
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау
 Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің  egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады.   Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алынып тасталды. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды. ----------------------------------
Кёкушинкай-каратэден өткен "Альянс кубогы" республикалық турнир
04
апрель
2024
Кёкушинкай-каратэден өткен "Альянс кубогы" республикалық турнир
Жақында Алматы қаласында кёкушинкай-каратэден өткен "Альянс кубогы" республикалық турнирге мектебіміздің оқушылары белсене  қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Амантаев Амир 1 орын, Шарипов Нурали 2 орын, Рыбаков Дамир 2 орын, Иванишина Милана 3 орын, Рыбаков Рустам 3 орын. Жеңімпаздарымызды құттықтап, болашақта мол жетістіктерге жетуіне  тілектеспіз! Жетекшісі сэмпай  Амангелды Мақсат ( қара белбеу,  І дан)
Назад 1 2 3 4 5 Вперед