Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің пәндік апталығы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің пәндік апталығы өтті
16
февраль
2024

Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің пәндік апталығы өтті

2024 жылдың 12-16 ақпан аралығында мектепте «Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің пәндік апталығы» өткізілді. Пән апталығын өткізу оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл оқушылардың білім деңгейін арттыруға және олардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын дамытуға, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Пән апталығын ұйымдастырып, өткізу кезінде ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін басшылыққа алып, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерді. Әдістемелік бірлестік отырысында апталық іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп дәліздері тақырып бойынша безендірілді.
Апталықтың ашылуында балалар ағылшын тілінде тақпақ оқып, сахналық қойылым көрсетті және ән айтты. Апталық аясында ағылшын тілінде түрлі байқаулар, ойындар, презентациялар, спектакльдер, фильмдер көрсетілді. Балалар іс-шаралар мен сабақтарға қызығушылықпен және ықыласпен дайындалды.
Апталық барысында ашық сабақтар өткізілді: «Reading for pleasure. Fisherman and fish» 5«Ә» Айткенова Н.Д., «Healthy bodies» 4 «Ә» Мамырбек Р., "Stress" 10 «Ә» Дузбаева Ж.Б., «Holidays and Travel. Future Simple» 6 «Ә» Мамырбекова А.А., «Reading a newsletter on Our Endangered Planet» 8 «Б» Тайманова А.В.  
Сыныптан тыс іс-шаралар барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізілді:“Karaoke break”, «What do you know?», «Who wants to win?», челлендж #Englishweek_Mayak follow us and speak English for one week.
Қорытындылай келе, мектептегі ағылшын тілі апталығы оқушылар мен мұғалімдердің танымдық және шығармашылық белсенділігін, мектептің күнделікті өміріне жарқын реңктер мен мерекелік көңіл-күй сыйлайтынын, тілді ғана емес, сонымен қатар пәндік білімді талап ететінін және қалыптастыратынын атап өткен жөн.