«Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді.
10
февраль
2024

«Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді.

2024 жылдың ақпан айының  05-09 күндер аралығында  мектепте «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді.  Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатында өткен апталық  өзіндік ерекшелігімен көпшілік назарына ұсынылды. Бірлестік ұстаздары мен  оқушылар апталықтың салтанатты ашылуын өткізіп, апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: Қадылбек Н.: «Математикалық және серіппелі маятник тербелістері», Айтказина А.Е.: «Ондық бөлшектерді қосу және азайту», Нугумарова Л.А.:  «Цилиндр и его элементы. Конус и его элементы», Жайсембаев Ж.Б.: «Правила записи арифметических операций», Қабдығалиұлы Р.: «№7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау», Ленсова Г.Р.: «Тригонометриялық тепе- теңдіктер», Қизотолла С.: «Бірінші тамаша шек», Ерболат Ү.: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу», Бейсхан Ә.: «Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту», Сатыбалдықызы В. :«Мәтіндегі иллюстрация», Аканов Е.А.:  «Формулы сокращенного умножения» атты ашық сабақтар өткізілді. 6 сыныптар арасында Омарова А.Т.: «Мен зияткер» атты сыныптан тыс сабақ өткізілді. іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін,  логика  мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетті. Апта соңы қорытындыланып, жоғары деңгейдегі бағаға ие болды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы