«ТІРЕК ЖӘНЕ МАГНИТ МЕКТЕБІ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА» атты оқыту семинары өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ТІРЕК ЖӘНЕ МАГНИТ МЕКТЕБІ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА» атты оқыту семинары өтті
10
февраль
2024

«ТІРЕК ЖӘНЕ МАГНИТ МЕКТЕБІ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА» атты оқыту семинары өтті

9- ақпан 2024 жылы мектебімізде  магниттік мектептердің педагогтарына оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінде кәсіби қолдау көрсету мақсатында  магниттік  мектептер   үшін «ТІРЕК ЖӘНЕ МАГНИТ МЕКТЕБІ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА» атты оқыту семинары өтті. Семинарға «Бірлік орта мектебі» КММ, «Қалматаев атындағы орта мектебі» КММ, «Васильковка негізгі мектебі» КММ  директорларының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жаратылыстану-ғылыми пәндері бағытындағы пән мұғалімдері, педагог-психологтар, кітапханашылар және сынып жетекшілері қатысты. Семинардың практикалық бөлімінде жаратылыстану-ғылыми пәндері мұғалімдері пәндік кабинеттер  ресурстарының мүмкіндіктерін пайдаланып  сабақтар мен шеберлік сыныптарын көрсетсе, мектеп кітапханашылары  оқушылардың оқырмандығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының инновациялық қызметімен таныстырса, мектеп психологтері тәжірибелік мысалдар арқылы магниттік мектеп оқушыларын әлеуметтендіру үшін психологиялық қызметтің рөлі туралы айтып берді. Семинар соңында  қатысушылар  оқыту семинарына қорытынды жасап, тірек мектеп мұғалімдерінің дайындығы мен кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ алдағы уақытта ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы