Ұстаздар ұлықталды.... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2022

Ұстаздар ұлықталды....

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де бүгінгі мен ертеңді жалғастыратын, білім нәрімен сусындатқан Ұстаздар қауымының  мерекесі аталып өтті. Салтанатты жиынға жиналған ұстаздар қауымының басын біріктірген мереке шымылдығын мектеп директоры Н.М.Садыкова ашып, қиын да қызығы мол мамандық иелеріне құттықтау сөз сөйледі. Мектепте алғаш  ұстаздық жолын бастаған бірнеше әріптестеріміз ерекше мадақталып, осынау мұғалімдік жолды таңдағандары мақтанышпен аталып өтті. Өз сөзінде ардагер ұстаз З.С.Дюсупжанова жастар- болашақтың жаңашыл жолын жасайтын тұлға ретіндегі рөлдерін айтып, ұстаздық жолға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мектептің кәсіподақ комитеті атынан бірқатар ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.   Мерекеге  оқушылардың  дайындаған ән-жырлары мен әзілдері  ұсынылып, тамаша салтанаттың ажары ашыла түсті. Киелі шаңырақ-мектебіміздің жүректері бола білген ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз!