«Денсаулық күні-2022» спорттық іс-шара өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Денсаулық күні-2022» спорттық іс-шара өткізілді
12
октябрь
2022

«Денсаулық күні-2022» спорттық іс-шара өткізілді

2022 жылдың 12 қазан күні Маяковский атындағы орта мектебінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында және «Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Денсаулық күні-2022» спорттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара салтанатты тізілістен басталып, мектеп директоры Н.М.Садыкова іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, бағдарламамен бас төреші Н.Е.Базанов таныстырды.
    Іс-шара басталмастан бұрын, қатысушылармен біріккен жалпы дамыту жаттығулары орындалды.
    Жарыс келесі түрлер бойынша өтті:
1.    Эстафеталық ойындар 4-ші сыныптар арасында;2. Жүгіру 7-8 сыныптар (800 – 1000 м.);
3. Жүгіру 9-10 сыныптар (1500 – 2000 м.).
    Жарсытар нәтижесі бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп әкімшілік тарапынан грамоталарымен марапатталды. Іс-шара жоғары дәрежеде аталып өтті.